Өскеменнің жедел жәрдем станциясына 13 көлік сатып алынады

651

Өскеменнің жедел жәрдем станциясына 13 көлік сатып алынады

Шығыс Қазақстан облысының кезектен тыс мәслихат сессиясында жедел жәрдем станцияларын қазіргі заманғы көлікпен қамту қарастырылған, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Биыл Шығыс Қазақстанның барлық ауданындағы құқық қорғау саласының қызметкерлеріне 143 автокөлік, заманауи рация, бейне регистратор және Өскемендегі жедел жәрдем ауруханасына "Мерседес" базасындағы екі реанимобиль мен 11 "Фольксваген" көлігі сатып алынбақ.

Бұл жайлы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлім болды.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, Өскемен, Тарбағатай және Үржар аудандарының мектептерін жөндеуге қаржы бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу