"Өскенде тастап кетеді": Блогер Айжан Байзақова бала үшін өмір сүрмеуге кеңес берді

943

Сонымен қатар желі жұлдызы әйелге қол көтеретін еркектерді кешірмеу керек екенін айтты. 

"Өскенде тастап кетеді": Блогер Айжан Байзақова бала үшін өмір сүрмеуге кеңес берді Фото: @bayzakova

Атышулы Айжан Байзақова оқырмандарымен сырласып, отбасылық сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Блогердің айтуынша, ерлі-зайыпты балалары өмірге келгеннен кейін, өздерін жақсы көруді ұмытып кетеді.

"Менің балаларым өскенде, мені тастап, өзінің сүйгеніне кетіп қалады. Ал мен қалған өмірімде балаларым үшін жақсы көрмейтін адамыммен тұрғаным үшін өкініп қала беремін. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін.

Менің ата-анам балалары үшін өмір сүрді. Мен олардың бірін-бірі жақсы көргенін көрген жоқпын. Сондықтан мен ерлі-зайыптылар бір-бірін жақсы көре алады дегенде сенбегенмін. Бұл маған мүмкін емес дүние болып көрінетін. 

Балаларыңыз кейін осындай мәселеге тап болғанын қалайсыз ба?! Бала үшін өмір сүрудің қажеті жоқ. Балалар үшін жай ғана бақытты болуға болады", – деп жауап берді блогер.

Сонымен қатар желі жұлдызы әйелге қол көтеретін еркектерді кешірмеу керек екенін айтты. 

“Еркек әйелге қол көтерген күні еркек санатынан шығады. Ешқандай ақтап алудың қажеті жоқ. Оданда кеткеніңіз дұрыс және кешірім бермеңіз.Таңдау тек өзіңізде. Тек өзіңіз ғана тағдырыңызға жауап бере аласыз. Ол сізге қиын болуы мүмкін бірақ шындық осы. Кетіп қалған кезде қайтып келуді ойламаңыз”, – деп кеңес берді желі жұлдызы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу