Осы айда елімізгеТүркия СІМ басшысының ресми сапары жоспарланған

892

Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уяныкпен кездесуі өтті.

Осы айда елімізгеТүркия СІМ басшысының ресми сапары жоспарланған

Кездесу Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглудың осы айдың соңғы декадасында жоспарланған Қазақстанға ресми сапары қарсаңында өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Дипломаттар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың негізгі аспектілері бойынша "сағаттарды теңестірді".

Түрік дипломаты Транскаспий мультимодальдық тасымалдардың табысты дамуы туралы (2018 жылдың 6 айында тасымалдау көлемі 5% артып, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 561 мың тоннадан асты - 534 мың тонна), сондай-ақ Ақтау портында жүктерді өңдеу және ауыстырып тиеу жылдамдығын арттыру бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттілігі туралы атап өтті. Тараптар сондай-ақ порттық қызметтерді ұсынудың, кедендік рәсімдерді өткізудің және тарифтерді реттеудің оңайлатылған тетігін құру қажеттілігіне назар аударды. Екі мемлекеттің логистикалық ведомстволары мен кәсіпорындары арасында консультациялар өткізу туралы түсіністікке қол жеткізілді.

Түркия Қазақстанның сауда серіктестерінің алғашқы ондығына кіруде. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2018 жылы өсіп, 2 млрд АҚШ долларын құрады. Мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес тауар айналымын 5 млрд АҚШ доллары белгісіне қол жеткізу мақсаты қойылған. Бүгінгі таңда елімізде түрік капиталының қатысуымен 1,5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу