Осы айда елордада жабық футбол манежі ашылады

714

Манеж аумағында екі шағын-футбол алаңы және душ бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме және әкімшілік ғимарат орналасады.

Осы айда елордада жабық футбол манежі ашылады

Наурыз айының соңында елордада жабық футбол манежі ашылады. Оның аумағында екі  шағын-футбол алаңы орналасады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Футбол манежі Есіл ауданындағы Е10 және Е-29 (шамамен "Құлагер" ЖШС) көшелерінің қиылысында орналасқан. Ресми ашылуы наурыз айының соңына жоспарланып отыр.

"Алаң жастар мен 10 жастағы балаларға, аталған спорт түрімен айналысатын ересектерге арналған. Манеж аумағында екі шағын-футбол алаңы және душ бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме және әкімшілік ғимарат орналасады. Алқаптарды жалға алуға болады", –  делінген "СПК Astana" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу