Қарағандада жылыту маусымын 15-сәуірде аяқтау жоспарланып отыр

806

Қарағандада жылыту маусымын 15-сәуірде аяқтау жоспарланып отыр

Қарағандада жылыту маусымын 15-сәуірде аяқтау жоспарланып отыр. Ол жайлы бүгін аппараттық жиналыс барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы жылыту маусымы облысымызда штаттық режимде өтіп жатыр. Анатолий Шкарупа мәлімдегендей, барлық станцияларда төмендетілмейтін отын қоры сақталып отыр. 
"Біздің ойымызша, 15-ші сәуірге дейін температуралық режим бізге облысымыздағы жылыту маусымды аяқтауға мүмкіндік беруге тиіс. Жалпы қазіргі таңда штаттан тыс оқиғалар жоқ. Желі ішіндегі суды толықтыру және жылу ұстағыштар көрсеткіштері қалыпты. ЖЭО-2-де сәл ақаулар болды, алайда қазір жағдай орнықтырылды", - деді облыс әкімінің орынбасары. 
Қазіргі таңда жылыту станцияларында 2018-2019 жылға жөндеу жұмыстар жоспары құрылып жатыр. 
Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақыттағы ауа температурасы бесінші сәуірден бастап плюстік көрсеткіштерге дейін жоғарылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу