Осы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өспеді

356

Жылдық мәнде 1,2% өсті.  

Осы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өспеді Фото: Inbusiness.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 20 ақпан/:

  • Сиыр еті – 2523 тг/кг
  • Айран 2,5% – 416 тг/л
  • Сәбіз – 170 тг/кг
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу