Осы аптада еліміздің төрт қаласында далада жүру уақытын қысқарту ұсынылады

400

Синоптиктер алдағы 7 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.  

Осы аптада еліміздің төрт қаласында далада жүру уақытын қысқарту ұсынылады Фото: inbusiness.kz

"Қазгидрометтің" болжамы бойынша 25 наурызда Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағандыда ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай туындайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктер дүйсенбіде бұл қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп болжайды.

Мамандар қолайсыз метеожағдайларда тұрғындарға мыналарды ұсынады: 

далада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында жүрмеуге тырысу; 

балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек; 

өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек; 

далада физикалық ауыртпалық салмау. 

Сондықтан дене шынықтыру не спортпен жабық спорт кешендерінде шұғылданған жөн болады.

Синоптикалық болжамға сәйкес, жалпы 2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.

"26 наурызда еліміздің батысында (Батыс Қазақстан, Атырау) жаңбыр, сондай-ақ 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр күтіледі", — делінген хабарламада.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу