Осы аптада елорда тұрғындары қандай мәдени іс-шараларға бара алады

862

Әр апта сайын елорданың мәдениет мекемелері қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын көңілді әрі пайдалы өткізу үшін түрлі іс-шаралар бағдарламасын дайындайды. Осы аптада елордалықтарды кез келген жастағы жандарға арналған қойылымдар, көрмелер, танымдық дәрістер мен концерттер күтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы аптада елорда тұрғындары қандай мәдени іс-шараларға бара алады

5 сәуір сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Сол бір кез" ретро-концертіне шақырады.

8 сәуірде "Астана" концерт залында "Шығыс бояулары" бағдарламасы бар симфониялық оркестр өнер көрсетеді.

8 сәуір күні кешке М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры М.Ладоның "Очень простая история" әңгімесі қойылады.

9 сәуір күні сағат 11:00-де жас көрермендер үшін Астраханцев ауылының "Братец Лис и братец Кролик" ертегісінің көрсетілімі өтеді. Сол күні кешке М.Макдонахтың "Человек-подушка" детективін көруге болады.

5 және 6 сәуірде "Жастар" театрында Ж.Әлікеннің "Күйеу бала" драмасының премьерасы өтеді.

7 сәуір күні сағат 12:00 және 14:00-де "Ұрпақ, тоқпақ!" ертегісі көрсетіледі.

Ал ертеңінде көрермендер Н.Гогольдің "Ревизор" трагифарсын көре алады.

9 және 10 сәуірде театр әртістері Б.Соқпақбаевтың "Көзіме бір көрінсең, бала ғашық..." сахналық повесін орындайды.

Елордалық қуыршақ театры үш күн бойы – 8, 9 және 10 сәуірде – "Жаңғырық қалай пайда болды" атты жапон халық ертегісіне шақырады.

Музыкалық жас көрермен театры 10 сәуір күні сағат 19:00-де "Өлі жандар" траги-фарс қойылымын ұсынады. Сол күні NOMAD City Hall сахнасында О.Бөкейдің "Ауыл хикаялары" драмасы көрсетіледі.

Елорданың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осы аптада дәстүрлі түрде күнделікті өз оқырмандары үшін ағартушылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырады.

5 сәуір күні сағат 12:00-де Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Парасат жолы" бағдарламасы аясында "Біздің Елтаңба" әдеби әңгіме, 6 сәуір – "Жазда достармен бірге кітап оқу сәнді" тақырыбында әңгіме, 8 сәуір – "Балалардың қолымен ғажайыптар жасалады" кітап қойылымы өтеді. Сондай-ақ, 5 сәуірде № 8 балалар кітапханасы "Хорошие книжки писал дед Корней!" ертегілік панорамасы ұйымдастырылады.

Күндіз №4 бұқаралық кітапханада "Нашақорлық–ғасыр дерті" атты кездесу сағаты өтеді. № 2 бұқаралық кітапхана оқырмандарын 7 сәуір күні сағат 12:00-де "Адалдық, парасаттылық – адамның белгісі" тәрбие сағатына шақырады. Сонымен қатар, 8 сәуірде №4 балалар кітапханасының ұжымы Ғабит Мүсіреповтің жеке басы мен шығармалары туралы баяндайтын "Таланттың жарқын жұлдызы" шығармашылық портретін ұйымдастырады. 9 сәуірде №4 балалар кітапханасында "Звездный путь во Вселенную" ғарыштық панорамасын көруге болады.

Апта бойы 5-9 сәуір аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін №15 бұқаралық кітапханада шахмат, арт-терапия, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіледі.

Сәрсенбі, 6 сәуірде елорданың Біріккен музейлер дирекциясының бөлімшелері 4 онлайн іс-шара өткізеді. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені "Роза Бағланова – Қазақстан сахнасының аңызы" дәрісін ұйымдастырады, ал Сәкен Сейфуллин музейінің әлеуметтік парақшаларында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған "Мұхтар Әуезов – кемеңгер тұлға" атты зерттеушілермен кездесу өтеді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының аккаунттарында "Роза Бағланованың шығармашылығы" атты дәріс өткізіледі, ал "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасының өнер галереясында "Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан" атты ашық сабақ өтеді.

7 сәуірде Сәкен Сейфуллин музейінде Алашорда батырларының "Алаш зиялылары" естелігінің онлайн-фотосуретін көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу