Осы аптада Қазақтелеком акциялары арзандады

790

Сонымен қатар төрт эмитенттің құнды қағазы жасыл аумақта болды.

Осы аптада Қазақтелеком акциялары  арзандады

Осы аптада Қазақтелеком акциялары  арзандады

Аптаның басында "Қазақтелеком" акциялары бәрінен көп арзандады, деп хабарлайды  LS

Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша телекоммуникациялық компанияның құнды қағаздарының бағасы 5,85%-ға арзандап, 26 455 теңгеден саудалануда.

Сондай-ақ "ҚазТрансойл"-дың акциясы 1,3%-ға (1382,01 теңге) және KEGOC-тың акциясы 0,5%-ға  (1596 теңге) арзандады.

Сонымен қатар төрт эмитенттің құнды қағазы жасыл аумақта болды.

Халық банктің акциялары едәуір өсті (+3,5%). Қазір олар сауда алаңында 103,3 теңгеден саудаланып жатыр.  KAZ Minerals (+1,5%) және Kcell (+1,05%) акциялары да оң динамика көрсетті. Олар 3016 және 1819,94 теңгеден саудалануда. ЦентрКредитБанк акциялары шамалы өсім көрсетті. Апта басынан бері 0,004%-ға қымбаттап, биржада 240,02 теңгеден саудалануда.

Жыл басынан бері KASE индексінің көрсеткіші 0,3%-ға төмендеп, 2311,8 көрсеткішінде нығайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу