Түркия метеорология мамандары ел астанасы Анкарада 39 градус болса, оңтүстік-шығыс Анадолы аймағында 45-50 градусқа дейін барады деп хабарлайды.
TRT Haber-дің хабарлауынша, Басрадан және Оңтүстік-Шығыс Анадолы аймағынан келген аптап ыстық елдің ішкі аймақтарына әсер етеді. Апта бойы ауа температурасы жоғары болмақ.
Метеорология басқармасының ауа райын болжау маманы Илкер Коч елдің басым бөлігінде ауа температурасының маусымдық көрсеткіштен 8-10 градусқа дейін жоғарылайтынын және аптап ыстықтың жұмаға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Осы орайда қала тұрғындарына барынша сақ болу керектігін ескертті.
Аптап ыстық Түркияның үш қаласында, атап айтсақ, Ыстанбұл, Измир және Анкарада болады деп күтілуде.