Осы аптада жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі бекітілді

1331

Елімізде жұмыссыздар саны артуы мүмкін.  

Осы аптада жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі бекітілді

Еліміздегі төтенше жағдай режимі 11-ші мамырда ақталады, деп хабарлайды Atameken Business.

Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге ала Президент осындай шешім қабылдағанын хабарлады. Сондай-ақ, карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі деген мемлекет басшысы бірнешеуін атап өтті. Мәселен, аймақтарда шектеу талаптары жеңілдетіліп, тіпті балаларға үйдің ауласында ойнауға рұқсат етілмек. Ал әлеуметтік жәрдемақыны беру жалғасын табады.

Елімізде әуе байланысты да біртіндеп қалпына келтірілмек. 1-ші мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылатын болды.  Бұл туралы да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде айтты. Екі қаланың арасында ұшақтар қандай жиілікпен қатынайды? Әуе компанияларына  қойылатын талап қандай?

Еліміздің барлық өңірлерінде осы аптада жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі де бекітілді. Тек Шымкент қаласында бұл режим 1-мамырдан жүзеге асырылады. Нақтыласам, өнекәсіптік орындар, құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, ірі дүкендер, автокөліктерге қызмет көрсету ұйымдары, банктер мен қаржы орталықтары қайта жұмысына кіріседі. Бұдан бөлек, елордада қаржы және сақтандыру мекемелері, электрлік тұрмыстық техника, саяжай маусымына арналған ірі дүкендердің ашулына рұқсат етілді. Ал Алматыда көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технология саласы, қаржы және сақтандыру секторлары мен сервистік қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданады.

Сондай-ақ, экономикалық дамуды қалпына келтіретін кешенді жоспар әзірлеу қажет. Осыған орай Президент Үкімет пен Ұлттық банкке карантиннен зардап шеккен салаларды анықтауды тапсырды. Жауапты ведомства басшыларына 11 мамырға дейін уақыт берілді. Сонымен, мемлекеттік қолдауға кімдер ие болады? Толығырақ келесі материалда.

Елімізде 2 жарым млн азамат жұмыссыз қалуы мүмкін. Президент кеңесшісі Тамара Дүйсенованың пайымынша, елдегі дағдарыс ең алдымен шағын бизнесті күйретеді. Осылайша, әрбір үшінші  азамат жұмыстан қысқартылды немесе уақытша босатылды. Осылайша тұрақты табысынан айырылады деп болжануда. Егер дереу шара қабылданбаса жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан 13,7 ге бірақ көтерілмек. Сол үшін бұрынғы Еңбек министрі ең алдымен, жұмыс орындары мен табыстың сақталып қалуы үшін жағдай жасалуы тиіс екендігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу