Астанада құбылмалы ауа райы сақталып, жауын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін, 5 қарашада таңертең және күндіз жауын жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, кей кезде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде шамамен 0 °С, күндіз +2...+4 °С құрайды.
6 қарашада құбылмалы ауа райы сақталып, күндіз жауын жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа бағытын өзгертеді. Оның екпіні 9-14 м/с қарамақ. Түнде және күндіз ауа температурасы шамамен 0°С деңгейінде сақталады.
Сәрсенбіде де құбылмалы ауа райы сақталып, аздап жауын жауады, тұман, көктайғақ күтілуде. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 °С, күндіз шамамен 0 °С.