Осы кезге дейін қабылданған барлық заңдарға ревизия жасау қажет – Абзал Құспан

671

Бірмандатты сайлау округінен сайланған депутат Абзал Құспаннан Мәжіліс төрінде көтеретін мәселелері туралы білдік. 

Осы кезге дейін қабылданған барлық заңдарға ревизия жасау қажет – Абзал Құспан Фото: 365info.kz

Халық қалаулысы ең әуелі заңнаманы жетілдірумен айналысатын болады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ең бірінші кезекте заңнаманы жетілдірумен айналысатын боламын. Менің сайлауалды бағдарламам 7 тармақтан тұрады. Оның алтауы да заңнамаға қатысты. Мен басынан бастап бұл мәселені ашық айтқанмын. Осы кезге дейін қабылданған барлық заңдарға ревизия жасау қажет деп есептеймін. Қылмыстық заңнамадан бастап азаматтық заңнамаға дейін. Бірінші кезекте басымдық қойып отырған заңдардың бірі – "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң. Бұл – кәсіпкерлер мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты реттейтін өте маңызды құжат. Қазіргі таңда сапасыз жол, үй құрылысы және басқа да қызметтер туралы айтамыз. Егер біз заңды дұрыстамасақ, ол мәселелерді көтере бергеннен пайда жоқ", - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Абзал Құспан Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі екенін атап өтті.

"Біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Әрине, шешім қабылдайтын депутаттар болғанымен, қоғамның белсенділігі арқылы да көп нәрсені өзгертуге болады", - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу