Күзде әскери қызметке 20 мың азамат шақырылады

188

Жалпы Қазақстанда жасы бойынша әскерге жарамды ер азаматтар саны 730 мың адамнан асады.

Күзде әскери қызметке 20 мың азамат шақырылады Фото: gov.kz

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды күзгі мерзімді әскерге қызметке шақыруға кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Желтоқсан айының 30-на дейін ҚР Қарулы күштерінің басқа да әскерлерінің қатарын әскерге шақыруды кейін қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-ден 27 жас аралығындағы 20 мың астам ер азамат толықтырады.

Азаматтарды жоспарға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру үшін Қорғаныс істер басқармалары мен бөлімдерінде 10 шілдеден бастап болашақ сарбаздарды іріктеу жұмыстары жүргізілді.

Әскерге шақырылатындарды зерделеу барысында отбасы құрамын, әскери қызмет өткеруге жарамдылық санатын, білімі мен мамандығын нақтыланады, сондай-ақ жеке ісіндегі құжаттар қаралып, әңгімелесу өткізілді. 

"Жалпы Қазақстанда жасы бойынша әскерге жарамды ер азаматтар саны 730 мың адамнан асады, соның ішінде 120 мыңы әскерге дайын, ал олардың арасында 40 мыңын мерзімді әскери қызметке шақырамыз", – деді ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Қайсарұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу