Осы уақытқа дейін Қашаған кен орнында 115 миллион тонна мұнай өндірілген

177

Бұдан бөлек 70 миллиард текше метрден астам газ, 10 миллион тоннадан астам күкірт шығарылды.

Осы уақытқа дейін Қашаған кен орнында 115 миллион тонна мұнай өндірілген Фото: gov.kz

Бұл туралы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) басқарушы директоры Джанкарло Рую Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы жылдары біраз жұмыс қолға алынған.

"Қашаған кен орнындағы жұмыс қауіпсіздікті сақтай отырып орындалып жатыр. Ауыр жарақат алу мен қандай да бір оқыс оқиғалар тіркелмеді. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге шамамен 18 миллиард доллар бағытталды. Былтыр шамамен миллиард доллар жергілікті қамту саласына кетті", – деп компания басшылығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу