Осы жазда Моңғолияға келген орыс туристерінің саны 1,7 есе артты

536

2023 жылдың мамырынан тамызына дейін Моңғолия шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде 146 мыңнан астам жолаушы кедендік бақылаудан өтті.

Осы жазда Моңғолияға келген орыс туристерінің саны 1,7 есе артты Фото: eadaily.com

Моңғолияға кеткен туристер саны жазда 1,7 есе өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресей ФКҚ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Сібір кеденшілері ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың мамырынан тамызына дейін Моңғолия шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде 146 мыңнан астам жолаушы кедендік бақылаудан өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70%-ға көп", - делінген хабарламада.

Осы жазда орта есеппен бір тәулікте Сібір кеденшілері екі бағытта жүретін 1,5 мыңнан астам жеңіл автокөлікті ресімдегені атап өтілді. Туристердің жұма және демалыс күндері артуы кеден бекеті қызметкерлеріне ауыртпалық әкелді, ол кезде шекараны 2,4 мыңға дейін адам кесіп өткен.

"2023 жылы ең көп көлік және жолаушылар трафигі шілде айында тіркелді. Сондай-ақ, кеденшілер тамыз айының екінші жартысында Моңғолияда дәстүрлі шекара жәрмеңкелері мен туристік фестивальдар өткен кезде туристер санының артатынын атап өтті", - деп нақтылады ведомстводан.

Жедел бақылау үшін кеден бекеттерінде қызметкерлердің күнделікті ауысымы күшейтілгені атап өтілді.

"Қажет болған жағдайда моңғол тарапымен келісім бойынша жұмыс режимін ұзартып, демалыс күндерінің орнына қосымша жұмыс күндерін ұйымдастырамыз", — деп атап өтті ФКҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу