Осы жылдың алғашқы 6 айында инфляция 3,7 пайызды құрады

1089

Осы жылдың алғашқы 6 айында инфляция 3,7 пайызды құрады

2017 жылғы маусымда инфляция айлық көрсеткіш бойынша 0,4% болды, бірінші жартыжылдықта инфляция 3,7%-ды құрады және өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен (4,6%) төмен күйде қалды, деп хабарлайды Вnews.kz.

Жылдық инфляция алдыңғы екі айдағыдай 7,5% деңгейінде сақталды. Инфляциялық аяның сақталуы азық-түліктің кейбір түрлері (көкөніс, ет-сүт өнімдері) бағасының жоғары өсуімен салыстырғанда ұсыныс факторлары тарапынан болған жағымсыз әсермен байланысты болды.

Құбылмалы факторлардың әсерін болдыртпайтын базалық инфляция көрсеткіші маусымда жалпы инфляциямен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде қалыптасып қана қоймай, соңғы 12 айда 6,9%-дан 6,8%-ға дейін төмендеуін жалғастырды.

Маусымда халық арасында жүргізілген инфляцияны қабылдау жөніндегі пікіртерім халық бағалайтын бағаның нақты, сол сияқты болашақта да өсуінің салыстырмалы түрде тұрақты болатынын көрсетіп отыр. Жауаптарды қандай да бір жаққа қарай бөлуде аздаған ауытқу бар.

Халықтың бағаның өсуін бағалауы соңғы 12 айда төмендеді. Бағалардың өсуіне жоғары баға берген пікіртерімге қатысушылар үлесі мамырдағы 57,3%-дан 55,1%-ға дейін азайды, сонымен қатар тұтыну бағаларының өзгермегенін не баяулау серпінін атап өткен пікіртерімге қатысушылар үлесі 36,0%-дан 36,5%-ға дейін артты. Өткен пікіртеріммен салыстырғанда бағаның келесі 12 бұдан да жылдам немесе осы кездегідей өсуін болжайтын халықтың үлесі 53,3%-дан 51,4%-ға дейін азайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу