Осы жылдың соңына қарай жаңа Apple Watch сатылымға шығады

885

Осы жылдың соңына қарай жаңа Apple Watch сатылымға шығады

Apple компаниясы  iPhone -сыз дербес жұмыс істейтін Apple Watch шығарады. Bloomberg ұсынған есепте "Жаңа смарт сағат LTE мобильді желілеріне қосыла алады" делінген. Бұл туралы The Qazaq Times жазды. 

Apple Watch 2015 жылы шығарылған болатын. Қазір компания басшылығы Еуропа мен АҚШ-тағы провайдерлермен смарт сағатты осы жылдың соңына қарай сатылымға шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Apple компаниясының басшысы Тим Кук инвесторларға арнаған сөзінде "Apple Watch - әлемдегі ең сатылымы жоғары смарт сағат атанды", - деді. Енді дербес жұмыс істейтін сағаттың көмегімен смартфонның қатысынсыз-ақ муызка жүктеп, тікелей ғаламторға қосыла алу мүмкіндігі арқылы деректер мен ақпараттарды тез әрі кез келген жерде бөлісуге болады. Бірақ сағаттың қуат көзіне байланысты бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Өйткені осыған дейін сағаттағы күрделі функциялар оған қосарланған  iPhone-ның көмегімен жүзеге асып келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу