Осы жылы Астанадан шамамен 1,8 мың бозбала әскерге шақыртылады

1191

Экстерриториялық тәртіпке сай әскерге шақырылған азамат өзінің туған облысында әскери борышын өтей алмайды. 

Осы жылы Астанадан шамамен 1,8 мың бозбала әскерге шақыртылады

Әскерге шақырылушыларға қатаң талаптар қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық қорғаныс істері департаментінде белгілі болғандай, 2019 жылы мерзімді әскери қызметке шамамен 1,8 мың 1992-2001 жылы туған жігіттер шақырылады.

"Қала халқы санының артуына байланысты әскер қатарына шақырылатындар қатары жыл сайын өсуде. Осы жылы әскерге шақырылатын сарбаздардың санын өткен жылмен салыстырғанда 20% көбейту көзделген", – деп хабарлады ведомтвода.

Техникалық білімі және В, С санатындағы жүргізуші куәлігі бар  жігіттерге басымдық беріледі. Әскерге аттанатындардың бірінші легі шамамен 10 наурызда аттанады. Олар ҰҚК-нің шекара қызметі және мемлекеттік күзет қызметі әскери бөлімдерінде борышын өтейді.

Әскерге шақырылушылардың келесі легі – Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланға барады.

"Астанаға шақырылған жігіттер оңтүстік, батыс және шығыс өңірлеріндегі Әуе қорғанысы күштерінде, оқу бөлімшелерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскер қатарында болады. Айта кетейік, экстерриториялық тәртіпке сай әскерге шақырылған азамат өзінің туған облысында әскери борышын өтей алмайды. Міндетті түрде басқа аймаққа жөнелтіледі", – деп мәлімдеді қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу