Қазір 10 мыңнан астам сарбаздың банктік қарызы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Банктік қарыз бен микрокредит бойынша несие автоматты түрде уақытша тоқтатылады.
"Бүгінгі таңда 42 мыңнан астам адам қамтылды. Жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам адамға кредиттік каникул берілді", – деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу