"Отандастар қорының" құрылтайшысы ауысады

424

"Отандастар қоры" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілуі мүмкін.

"Отандастар қорының" құрылтайшысы ауысады Фото: gov.kz

Бұған дейін аталған қор Сыртқы істер министрлігінің құзыретінде болған. Ал оған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қарамағында еді. Оны өзге ведомствоға беру шешімі ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Сыртқы істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілсін. Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды. Сондай-ақ ол босқындар мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға оң әсер етеді. Аталған қордың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру қандастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, оларды ұтымды қоныстандыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ оларға бастапқы кезеңде бейімделуге және қордың әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз", – делінген құжатта.

 

Қаулыдағы міндеттерді орындау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жүктелген. Құжатты ашық талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу