"Ішкі әуе рейстерді аптасына 687 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 5 отандық әуе компания орындайды. Осы жылы NEOS әуе компаниясым Алматы – Милан, "Эйр Астана" компаниясы Алматы – Ираклион, Vietjet Air компаниясы Алматы – Нха Транг, Jazeera Airways компаниясы Түркістан – Кувейт, AnadoluJet компаниясы Алматы – Анкара және Астана-Анкара және Pegasus Airlines компаниясының Алматы-Анкара, Алматыдан Сургутқа, Тюменьге және Новосибирге, сондай-ақ Астанадан Санкт-Петербургке жаңа бағыттары ашылды. "Түрікменхаваеллары" компаниясы Алматыдан Ашхабадқа әуе рейстерді қалпына келтірді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Нячангқа 25 желтоқсаннан бастап, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге 2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде рейстер ашылады деп күтілуде.
Сонымен қатар 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Алматы-Маэ бағыты бойынша рейстер ашылмақ. Сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстер ұлғайды.