Отандастарымыз ел ішіндегі сапарларға 582,7 миллиард теңге жұмсаған

178

Ұлттық статистика бюросы туристердің шығын көлемін жариялады.    

Отандастарымыз ел ішіндегі сапарларға 582,7 миллиард теңге жұмсаған Фото: kazgazeta.kz

Оның ішінде республика шегінде 9 903,5 мың адам (87,7%), республикадан тыс жерлерге – 1 383,4 мың адам (12,3%) сапарға шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 10 532,8 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 93,3%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 754,2 мың адам (6,7%).

Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана (10,5%), Алматы (10,2%) қалалары, сондай-ақ Түркістан (8,8%), Қарағанды (7,9%) және Алматы (7,4%) облыстары бар.

Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі жатын орны тегін болатын туыстары не таныстарына (64,2%) баруды жөн көрген. Қонақүйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және санаторийлерде (3,3%) тоқтағандардың үлесі айтарлықтай аз.

Пайдаланылған көлік түрлері бойынша қарасақ, ел ішінде сапарлағандар өз автокөлігімен (36,1%) және теміржол көлігімен көбірек қозғалған (26,4%), сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) жөн көрген.

2024 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 957,7 млрд теңгені құрады, ел ішінде сапарлағандар  – 582,7 млрд теңге (60,8%).

Қазақстан шегінде жеке мақсатта туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары тауарларды сатып алу (29,5%), көлік қызметтері (25,2%), тамақтану (21,0%) және орналастыру орындарында тұру (12,6%) қызметтеріне кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу