Отандастарымыз Түркияға саяхаттай алмайды

674

Бұрын барған азаматтарды алып қайту бойынша ғана рейстар ұымдастырылады.  

Отандастарымыз Түркияға саяхаттай алмайды

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мәлімдеді.

"Ел аумағында әуе қатынасына шектеу қойылмайды. Қазіргі кезде 45 бағыт бойынша 457 рейс орындалуда. Оған өзгеріс енгізілмейді. Мемлекеттік комиссия шешімі бойынша алдын ала келісілген халықаралық рейстер орындалады. Яғни, 2 бағыт Түркия және Оңтүстік Кореяға", – деген Талғат Ластаев 3 шілде күні Түркия тарапы қазақстандықтарға шекарасын жапқанын жеткізді. Алдағы уақытта отандастарымызды қайтару бойынша ғана рейстер орындалады.

 "Түркия тарапынан 3 шілде біз ресми шешім алдық. Олар 4 маусымнан бастап біздің азаматтарымызға кіруге шектеу енгізді. Тек сол елде тұруға ықтиярхаты және жұмыс істеуге рұсаты бар азаматтардан басқаларына кіруге тыйым салынды. Енді рейстер бұрын барған азаматтарды алып қайту бойынша ғана орындалады. Әуе компаниялары Түркия аумағындағы біздің азаматтарымызды елге қайтару бойынша барлық міндеттемелерін орындайды. Яғни, халықаралық рейстер Оңтүстік Кореямен қалады. Жаңа рейстер уақытша ашылмайды", – деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу