Отандастарымызға шетелден ақша жіберетіндер көбейді

861

2018 жылдың қаңтар-маусым аралығында қазақстандықтарға шетелден 147,5 млрд теңге жолданған.

Отандастарымызға шетелден ақша жіберетіндер көбейді

Қаңтар-маусым аралығында ел тұрғындарына шетелден жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 147,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға көп.

Ranking.kz-тің есебіне сүйенсек, ақшаның көбі (71,2 млрд теңге) Ресейден жіберілген. Дегенмен, биылғы қаңтар-маусымда солтүстіктегі көршімізден жолданған қаржы көлемі былтырмен салыстырғанда 7,5%-ға аз. Шетелден жіберілген қаржының жалпы көлеміндегі Ресейдің үлесі де 57,7%-дан 48,3%-ға кеміген.

Бұдан кейінгі орында Оңтүстік Корея републикасы тұр. Бұл елден жолданатын қаржы көлемі бірден 2,3 есе өсіп, 22,9 млрд теңгені құрады. Жалпы көлемдегі Оңтүстік Кореяның үлесі 7,4%-дан 15,5%-ға дейін артты.

Үштікті Қырғызстан түйіндеп тұр. Осы жылдың қаңтар-маусым аралығында бұл елден Қазақстанға 13,3 млрд теңге жолданған. Өсім 77,4%-ға тең болды. Осылайша, айыр қалпақты ағайынның үлесі 5,6%-дан 9,9%-ға дейін ұлғайды.

Қазақстанға жіберілген ақша аударымдарының көбі, яғни 73 млрд теңгесі "Золотая корона" жүйесі арқылы жолданған. Сондай-ақ шетелден ақша жіберетіндер Western Union (35,6 млрд теңге) және MoneyGram (11,7 млрд теңге) жүйелерін де көп пайдаланған.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу