Отандасымыз ат спортынан әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы болды

945

Аталған турнир Орталық Азиядағы үздік спортшыларды және 2020 жылғы әлем кубогінің финалистерін анықтау мақсатында өткізілген. 

Отандасымыз ат спортынан әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы болды Фото: olympic.kz

23-26 мамыр аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында ат спортынан әлем кубогі кезеңі ұйымдастырылды. №1 конкур бойынша сынға түскен қазақстандық спортшы Ержан Қорабай турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Екінші және үшінші орынды өзбекстандық спортшылар Абдурахмон Абдуллаев пен Иброхим Шокировтер еншілеген. 

Сондай-ақ, қазақстандық Александр Тишков те турнир жеңімпаздарының қатарында. Ол қырғыз және өзбек спортшыларын артта қалдырды. 

Әлем кубогі кезеңіне негізінен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан спортшылары қатысты. Аталған турнир Орталық Азиядағы үздік спортшыларды және 2020 жылғы әлем кубогінің финалистерін анықтау мақсатында өткізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу