Отандасымыздың мерейі үстем болды

1083

Отандасымыздың мерейі үстем болды

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ACB 61 турнирінде қарсыласы жапондық  Таичи Накаджиманы (12-7-1 MMA; 2-1 ACB) екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшы бірінші раундта сақ жүрді, бірде қылғындыру әдісін де қолданып көрді. Алайда 28 жастағы жапон айлаға түспей жүрді. Ал екінші раундта Оспанов бірден шабуылға көшіп, қарсыласын айналып келіп теуіп, нокаутқа түсірді. Айта кетейік, Арман Оспанов бұл АСВ турнирінде бірінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол ММА аясында 7 кездесу өткізіп, жетеуінде де жеңіске жеткен. Биыл қазақстандық ACB лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшарт жасасыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу