Отандық аккумулятор Еуропа мен Араб Әмірліктеріне экспортталады

702

Отандық аккумулятор Еуропа мен Араб Әмірліктеріне экспортталады

Талдықорғанда дайындалатын аккумуляторлар ТМД елдерінің аясынан шығып, енді Еуропа мен Араб Әмірліктеріне жетпек, деп хабарлайды khabar.kz.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының тұрақты қатысушысына айналған кәсіпорын бүгінде өнімін алыс-жақын шет елдерге шығарады. Биылдан бастап кәсіпорын Қытай нарығына да шыға бастады. Келісім бойынша 700 мың дана аккумулятор жіберілетін болды. 40 жылдан астам тарихы бар зауытта көненің ізі байқалмайды. Бәрі жаңарған, талап күшейген. Қадам басқан сайын жаңа технология, жаңа желілер. Шығарылып жатқан аккумулятор батареяларының қай-қайсысы да шетелдікінен кем емес. 

Кәсіпорын Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында мемлекеттік қолдауға ие болып, жылдан-жылға дамып келеді. Нәтижесінде өндіріс көлемі 2009 жылдан бері 8 есеге ұлғайған. Қазір зауыт бәсекеге толық қабілетті. Ал оның өнімдері әлемнің бірнеше еліне шығарылуда. Талдықорғанда дайындалатын аккумуляторлар ТМД елдерінің аясынан шығып, енді Еуропа мен Араб Әмірліктеріне жетпек. Қазір онымен айналысатын өкілдіктер ашылуда. Ал көршілес Қытай елі – үлкен нарық. Ондағы серіктестермен арадағы байланыс нәтижелі болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу