Отандық ақылы жолдардан 4 млрд теңге табыс түскен

816

2020 жылдан бастап "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" дәлізі ақылы болуы мүмкін. 

Отандық ақылы жолдардан 4 млрд теңге табыс түскен

Ел бюджетіне ақылы жолдардан 4 млрд теңге табыс түсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Бүгінде Қазақстанда төрт ақылы жол бар. Олар: Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас, Алматы – Қапшағай. Бұлардың жалпы ұзындығы 682 шақырым. 

"2018 жылдың 1 қарашасынан бастап 2019 жылдың 1 қарашасына дейін жалпы жиналған сома 4,3 млрд теңгені құрады. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан – Щучинск 1,4 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – Теміртау 1,4 млрд теңге, Алматы – Қапшағай 798,7 млн теңге, Алматы – Қорғас 701,8 млн теңге табыс түсті", – деп хабарлады министрлік. 

Сонымен қатар "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" дәлізін жеке инвесторлардың көмегімен ақылы ету қарастырылуда. Министрлік аталған жолды жөндеуге 794,7 млрд теңге жұмсалғанын атап өтті. Сондай-ақ 2020 – 2023 жылдары республикалық маңызы бар 11 мың шақырым көлік жолына ақылы жүйені орнату көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу