Отандық арналар HD форматқа көшті

707

Отандық арналар HD форматқа көшті

25 сәуірден бастап жерсеріктік OTAU TV телевизиясы желісіндегі "Қазақстан" мен "Хабар" телеарналары HD форматта жұмыс істей бастайды. 2016 жылдың маусымында OTAU TV желісінде KAZsport телеарнасы жоғары форматта іске қосылған, бұл көрермендерге спорт оқиғаларын жоғары бейне және дыбыс сапасында көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.

"Біз жерсеріктік OTAU TV телевизиясының 1 миллионнан астам абоненті тек шетелдік қана емес, сондай-ақ отандық телеарналарды HD форматта көру мүмкіндігін алатынына қуаныштымыз. Бүкіл команда жұмысының басты мақсаты – абоненттерімізге ұсынатын жоғары бейне және дыбыс сапасы. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кетейік, осы жылдың наурыз айында біз алғашқы қазақ тілді контентте шетелдік Discovery Showcase HD телеарнасын іске қостық", – дейді "Қазтелерадио" АҚ Коммерциялық директоры Қуаныш Шамшатов.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір күні жерсеріктік "OTAU TV", цифрлық эфирлік және интернет-телевизия "Galam TV" желілерінде "Ел Арна" телеарнасы SD форматта хабар таратуын бастаған болатын. Телеарнаның жаңартылған тұжырымдамасы – бұл кең көрермен аудиториясына отандық киноөндірушілердің көркем және деректі туындыларын жеткізу мүмкіндігі.

"Қазтелерадио" акционерлік қоғамы – тұрғындарды эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телевизия және радиохабар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы Ұлттық операторы.

Соңғы деректерге сүйенсек, "Қазтелерадио" АҚ иелік ететін жерсеріктік OTAU TV телевизиясы абоненттерінің саны 1,2 млн-ға жетті. Аналогтық хабар таратудан цифрлық эфирлік телевизияға (ЦЭТВ) көшіру арқылы "Қазтелерадио" АҚ ел халқының 77,5 пайызын 15-тен 30-ға дейінгі арнаны қабылдауға мүмкіндік берді. Маңғыстау, Алматы, ОҚО және Жамбыл облыстарында цифрлық эфирлік телевизия желісінің құрылысы толығымен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу