Отандық әскери қызметшілер АҚШ-та өткен байқауда үздіктер қатарынан табылды

579

Жарысқа 50-ден астам адам қатысқан.  

Отандық әскери қызметшілер АҚШ-та өткен байқауда үздіктер қатарынан табылды Фото: gov.kz

Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшісі кіші сержант Назира Альбосынова мен "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 3-сыныпты сержанты Ермек Зайлағи Аризона штатындағы Ұлттық гвардия базасында өткен жыл сайынғы "Үздік жауынгер-2023" байқауынан жеңіспен оралды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, байқауға қатысушылар жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы стандарттарына сәйкес жаттығулар мен топография бойынша тапсырмаларды орындаған. Бұдан бөлек әртүрлі атыс қаруларынан ату дағдыларын, топ құрамындағы тактикалық дайындық деңгейін және 20 шақырымға толық жабдықпен марш жасау арқылы дене дайындығы деңгейін көрсеткен.

“Әскери қызметші әйелдер арасындағы байқау қорытындысы бойынша кіші сержант Назира Альбосынова абсолютті жеңімпаз атанды. Ерлер мен әйелдер арасындағы жалпы рейтингте ол алтыншы орынға тұрақтады. 3-сыныпты сержант Ермек Зайлағи да жоғары дайындық деңгейін көрсете білді. Жалпы есепте барлық қатысушылар арасында қазақстандық сегізінші орында тұр”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу