Отандық астық қай елдерге экспортталғаны белгілі болды

171

Бірқатар бағыттарға экспорт қайта жанданған.

Отандық астық қай елдерге экспортталғаны белгілі болды Фото: egemen.kz

Жаңа өнімнен шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің айтуынша, өткен маусымда астық экспорты 47%-ға артып, 13,4 млн тоннаға жетті. Бұл өсімге экспорттық субсидиялау бағдарламасы айтарлықтай ықпал етті. Экспорт көлемін тұрақты ұстау мақсатында бағдарламаның мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

"Биыл қазақстандық астық Бельгия (10,6 мың тонна), Португалия (14,2 мың тонна), Польша (4,9 мың тонна), Норвегия (13,6 мың тонна), Ұлыбритания (3 мың тонна), Вьетнам (17,7 мың тонна), Біріккен Араб Әмірліктері (1,6 мың тонна) және Солтүстік Африка (Марокко (162 мың тонна), Алжир (181 мың тонна), Египет (11,6 мың тонна) елдеріне жеткізілді. Иран (738,3 мың тонна), Әзербайжан (542,5 мың тонна), Армения (1 мың тонна) және Грузия (76,3 мың тонна) бағыттарына экспорт қайта жанданды", – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Жаңа өнімнен шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп.

Айта кету керек, бұған дейін елімізде астық жинау толығымен аяқталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу