Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өткен жылы қазақстандық әуе компаниялар 14 млн 700 мың жолаушы тасымалдады. Бұл 2023 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 11%-ға көп. Әуежайдарда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны 14%-ға ұлғайып, 29 млн 700 мың адамға жеткен", – деді вице-министр.
Сөзінще, ұшу қауіпсіздігі – азаматтық авиацияның басты міндеті.
"Қазақстанда бұл көрсеткішті Батыс Еуропа елдерінің көрсеткіштерімен қатар қоюға келеді, Халықаралық авиациялық ұйымының бағалауы бойынша 82% болды. Бұл әлемдік орташа деңгейден 11,2%-ға жоғары", – деді Талғат Ластаев.
2024 жылы Еурокомиссия Қазақстан авиакомпаниялары үшін Еуропа Одағына ұшуға қатысты "Қара тізімдегі" барлық шектеуді толығымен алып тастаған. Биыл шілде айында Мемлекет Басшысының шақыруымен алғаш рет ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано ресми сапармен Қазақстанға келеді.