Отандық әуе компаниялар жолаушыларды БАӘ мен Қатардан елге тасымалдайды

171

Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды. 

Отандық әуе компаниялар жолаушыларды БАӘ мен Қатардан елге тасымалдайды Фото: Ингосстрах

Таяу Шығысқа ұшулар әлі де алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады.

"SCAT" әуе компаниясы азаматтарды Қатар елінен Қазақстанға шығара бастады. "Доха–Алматы" рейсі бүгін Қатар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды. Сондай-ақ, бүгін "Доха–Астана" рейсі орындалады. Борт Дохадан Қатардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны – 290 адам.

Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:

  • 27.06.25 Доха–Астана
  • 29.06.25 Доха–Алматы
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу