Отандық әуекомпания ұшқыштарды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуде

147

Air Astana тобы Астанадағы Оқу орталығында екінші толықфункционалды тренажерді пайдалануға енгізу арқылы Airbus ұшқыштарын даярлау мүмкіндіктерін кеңейтті.

Отандық әуекомпания ұшқыштарды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуде Фото: Air Astana

Acron Aviation компаниясы әзірлеген жаңа Reality7e тренажері Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) стандарттары мен Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі енгізген сертификаттау жүйесі аясында сертификатталды. Air Astana Қазақстанда тренажерді осы қос жүйе бойынша сертификаттаған алғашқы әуе компаниясы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу базасының кеңеюі әуекомпанияның ұшқыштарды даярлау тиімділігін арттыруға және озық авиациялық технологияларды енгізуге деген ұстанымын растайды.

Толықфункционалды тренажер жоғары нақтылықпен алты дәрежеге дейінгі қозғалысты модельдейді. Ұшу деректерінің кең ауқымын пайдалана отырып, ол әуе кемесінің аэродинамикалық сипаттамаларын, басқару жүйелерін және жердегі пайдаланылуын дәл бейнелейді, осылайша ұшқыштарды шынайы жағдайға барынша жақын ортада даярлауды қамтамасыз етеді. Air Astana 2023 жылдың жазында алғашқы осындай тренажерді орнату арқылы Орталық Азияда Reality7e тренажерлерін енгізген алғашқы әуе компаниялардың бірі болды. Әр алты ай сайын 600-ден астам Airbus ұшқышы тренажерде оқудан және біліктілігін тексеруден өтеді.

Air Astana Оқу орталығына авиация саласының делегациялары мен мемлекеттік органдар келіп тұрады. Бұл оның Орталық Азиядағы авиациялық мамандарды даярлайтын заманауи орталық ретіндегі мәртебесінің артып келе жатқанын көрсетеді. Соңғы қонақтардың қатарында орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, тренажерде демонстрациялық ұшуға қатысқан Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі Салли Аксуорти бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу