Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады

629

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту ағымдағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады Фото: Мария Матвиенко

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының (РОП) қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу механизмін пысықтауда.

 "Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңарту – өзекті мәселе. Қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін пайдалану маңызды. ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырамын", – деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетерлігі, 2022 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 3,5 млрд теңге көзделген. Ал араластыру арқылы лизингтік қаржыландыруға бөлінген қаржы көлемі – 7 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу