Ұлан-Батыр әкімшілігі Семей өндірісінің автобустарын сатып алуға мүдделі. Қала әкімімен өткен кездесуде айтылғандай, жақында Семейдің автобустары көрші мемлекетке экспортталуы мүмкін, деп хабарлайды altaynews.kz.
Күн сайын Моңғолия астанасында 900-ден астам автобус халыққа қызмет көрсетеді екен. Биыл Ресей, Қытай және Беларусь өндірісінің 1200 бірлігін құрайтын автобус паркін жаңарту қажеттілігі туындаған.
Ұлан-Батыр әкімшілігі мен бизнес-қауымдастық өкілдері Қытай, Корея және Еуропаға барып, автобустардың өндірісі мен техникалық сипаттамаларымен танысқан. Ұлан-Батырдың климаттық жағдайы шығыс өңірдікімен ұқсас болғандықтан автобустар арнайы таңдалған.
Егер тараптар келіссе, Ұлан-Батыр жолдарымен Семейде құрастырылған 300 автобус жүретін болады.