Отандық автокөлік өндірісін дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізілуде

631

Қазақстанда автокөлік бөлшектері өндірісін жолға қою бойынша нақты мүмкіндіктер жасалған. 

Отандық автокөлік өндірісін дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізілуде Фото: ҚР ИИДМ

Қостанай қаласында автокөлік өндірісін дамыту тақырыбында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды  inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинардың негізгі тақырыбы – Қазақстан аумағында отандық автомобиль жасау үшін компоненттер өндірісін жолға қою перспективалары. Қатысушылар сору жүйелері, сымдар, орындықтар, электронды компоненттер, автомобиль пластмассасын құю, автомобиль болаты және шанақ панельдерін штамптау сияқты әртүрлі компоненттер өндірісін ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстандық даму институттарының, оның ішінде "Бәйтерек" АҚ, "Даму" Қоры және өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері отандық өндірушілерді қолдаудың қолданыстағы және жоспарланған мемлекеттік құралдары туралы хабардар етті.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында автокомпоненттер өндірісін жолға қою бойынша нақты мүмкіндіктердің жасалғандығы туралы ортақ пікірге келді. Сондай-ақ, талқылауды жалғастыру және автокомпоненттер өндірісінің отандық кластерін құру идеясын іске асыру бойынша нақты қадамдарды айқындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Айта кетсек, іс-шараны ведомствоның Индустриялық даму комитеті, "ALLUR" компаниялар тобының қолдауымен Ұлттық технологиялық болжау орталығы және Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастырды. Семинарға мемлекеттік ұйымдар мен жеке бизнестің 50-ге жуық өкілі қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу