Отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілді

778

Президент отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

Отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілді Фото: Ақорда

Жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, кәсіпкерлер макроэкономикалық саясат, соның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеуге және экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруге қатысты пікірлерін ортаға салды.

Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру аясында жүйелі цифрландыру, көлік-логистика саласын белсенді түрде дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толыққанды пайдалану, экономиканы индустрияландыру, әсіресе, отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі айтылған ұсыныстардың барлығы жинақталып, нақты шаралар қабылданатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу