Отандық азаматтық авиация ұйымдары 356,7 млрд теңге шығын көреді

553

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы тасымалдау көлемін 2019 жылғы деңгейге дейін толық қалпына келтіру 2023 жылдан ерте болмайды деп болжайды. 

Отандық азаматтық авиация ұйымдары 356,7 млрд теңге шығын көреді

Коронавирустық пандемияның таралуы және рейстердің тоқтатылуы Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы статистикалық көрсеткіштерге кері әсерін тигізді. Биылғы жылы негізгі көрсеткіштер төмендеді, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"Осы жылдың 10 айында отандық әуе компаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 4,4 млн адамды құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен салыстырғанда 38%-ға аз (7,1 млн жолаушы). Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар мен транзиттік жолаушылар саны бойынша көрсеткіштер де төмендеді",– деп жазылған комитет хабарламасында.

Жалпы әлемде, болжамдарға сәйкес биылғы жылы әлемдік жолаушылар ағыны 60-70%-ға төмендейді.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бағалауы бойынша тасымалдау көлемін 2019 жылғы деңгейге дейін толық қалпына келтіру 2023 жылдан ерте болмайды. Сонымен қатар, IATA 2020 жылы жолаушылар ағыны деңгейінің төмендеуінен саланың кіріс-шығынын 252 миллиард АҚШ долларына бағалайды. Отандық азаматтық авиация ұйымдарының шығындары шамамен 356,7 млрд теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу