Отандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операцияларды жүзеге асыруға рұқсат алды

466

Бұл ретте "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер дербес қабылдайды.  

Отандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операцияларды жүзеге асыруға рұқсат алды Фото: smartik.ru

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің "МИР" жүйесінің төлем карталарын пайдалануына рұқсат берілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылғы 8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі - шетелдік активтерді бақылау басқармасынан  (OFAC) хат алды, онда американдық ведомство "МИР" жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді", - делінген қаржы реттеушісінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Аталған хатта "Мир" төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту мақсатында пайдаланылмауы үшін ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген.

"Осылайша қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу