Отандық банктерде бизнеске арналған қандай банктік қызмет түрлері бар?

777

Заңды тұлғалармен жұмыс істейтін еліміздің ірі екінші деңгейлі банктері бизнеспен жұмыс істеу стратегиясын өзгертіп, өз клиенттеріне қосымша сервистерді енгізіп жатыр. 

Отандық банктерде бизнеске арналған қандай банктік қызмет түрлері бар? Фото: google

Егер бұрын корпоративтік шоттарды онлайн жүргізу, ақшаны жылдам аудару, төлемдерді қабылдау және кәсіпкерлер үшін жылдам несиелерге беруге артықшылықтар берілсе, бүгінде кәсіпкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдететін, бірақ банктердің жұмысына тікелей қатысы жоқ сервистер мен қызметтер интеграциялануда, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Мәселен, қаржы институттары өз клиенттеріне салық есептілігі мәселелерінде көмектесіп жатыр.

Аналитикалық ресурстың мәліметінше, Halyk Bank (заңды тұлғаларға арналған Onlinebank) және Jusan Bank (Jusan Business) жүйелері арқылы 910 нысаны бойынша салық есептілігін тапсыруға болады. Бұл жеңілдетілген тәртіп бойынша ЖШС және жеке кәсіпкерлер толтыратын нысан.

Бұдан басқа Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі және Bereke Bank өз сервистерін 1С-пен, ал ForteBank ФДҚ-мен интеграциялауды енгізді.

Сонымен қатар, Kaspi Bank "Kaspi Касса" сервисін іске қосты. Бұл төлемдерді Kaspi POS, басқа банктердің POS-терминалдары және қолма-қол ақша арқылы қабылдағаннан кейін фискалдық чектерді қалыптастырады, ал олар туралы ақпаратты автоматты түрде салық органдарына жібереді.

Бизнестің жұмысын едәуір жеңілдететін тағы бір жанама пайдалы қызметке серіктестік компанияларды сенімділікке тексеру мүмкіндігі жатады. Halyk Bank отандық компанияларды ғана емес, ресейлік компанияларды да осылай тексеруге мүмкіндік береді. ForteBank контрагентті тексеру қызметін ұсынады.

Біріктірілген банктік емес қызметтердің келесі бір жақсы мысалы – тендерлермен жұмыс істеуге көмектесу. Мұндай қызметті тек Halyk Bank ұсынады: тендерлермен жұмыс істейтін компаниялар үшін клиенттік профиль негізінде қызықты лоттарды таңдау бойынша ұсыныстар беріледі. Келесі қызмет түрі – еңбек келісімдерін тексеру. Halyk Bank Onlinebank заңнаманы бұзудың ықтимал проблемасын тіркейді, бұл туралы клиентке хабарлап, шешім (мысалы, төлем жүргізу немесе жетіспейтін құжаттарды рәсімдеу) ұсынады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл интеграцияланған қызметтердің бір бөлігі ғана. Жалпы Қазақстандағы ірі екінші деңгейлі банктер банктердің жұмысына тікелей қатысы жоқ осындай жүйелік сервистер желісін үнемі кеңейтіп отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу