Отандық банктердегі салымдар 4%-ға өсті

650

2022 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша қазақстандық банктердегі салымдар бір айда 4,1%-ға, 29,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жылдық өсім – 17,3%. Жеке тұлғалардың салымдары – 14,68 трлн теңге, корпоративтік салымдар – 14,73 трлн теңге, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.  

Отандық банктердегі салымдар 4%-ға өсті Фото: egemen.kz

Еліміздегі ірі екінші деңгейлі банктер арасында айлық өсім бойынша "Bank RBK" көш бастады (+11%, 1,3 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 55,4%. Бұл сектордағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айта кету керек. "Bank RBK"-де қыркүйек айының басында да осындай жоғары көрсеткіштер байқалды.

Банк портфелінің 69,2%-ы корпоративтік салымдардан (868,2 млрд теңге), 30,8%-ы бөлшек депозиттерден (386,5 млрд теңге) тұрады. Қаржы институтында қаражатты бір уақытта төрт валютада (теңге, АҚШ доллар, рубль, еуро) сақтауға мүмкіндік беретін жоғары ставкалары бар мультивалюталық бөлшек депозиттердің кең желісі бар. Оған Safe (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 16% дейін) және Depositum (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 15,5% дейін) депозиттері жатады.

Bank RBK осы айда несие портфелінің өсімі бойынша да көш бастап тұр.

Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында "Eurasian Bank" орналасты (11%-ға, 1,7 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 48,5%. Банк бір ай бұрын өсім бойынша үздік үштіктің қатарында болған. Қаржы институтының жиынтық депозиттік портфелінің 58,8%-ын бизнес салымдары, 41,2%-ын бөлшек салымдар құрайды. Үздік үштікке "Ситибанк" кіреді (10,2%, 1,2 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 31,3%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу