Отандық банктердің "Мир" төлем жүйесімен жұмыс істеуін тоқтатқаны рас па?

885

Осыған дейін ресейлік басылым Қазақстан мен Вьетнам банктері "Мир" төлем жүйесі карталарымен жұмыс істеуін тоқтатқанын жазған болатын.

Отандық банктердің "Мир" төлем жүйесімен жұмыс істеуін тоқтатқаны рас па?

Бұл жағдайға қатысты отандық банктер түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz Kapital.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратта көрсетілгендей, Halyk Bank өз банкоматтарының "Мир" төлем картасын қабылдамайтынын, бірақ POS-терминалдары бұл картамен әзірге жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"ВТБ банкі (Қазақстан) кез келген банктердің "Мир" төлем жүйесінің карталарына толық көлемде қызмет көрсетеді. Банкомат желісінде және банк кассаларында қолма-қол ақша шектеусіз беріледі", – деді ресейлік еншілес банк.

Бұл ретте "Банк ЦентрКредит" банкі өз банкоматтарында санкцияларға ұшырамаған ресейлік банктердің "Мир" карталарын ғана қабылдайтынын хабарлады. Бірақ та, "Мир" төлем жүйесі SDN тізіміне енгізілген сәттен бастап ынтымақтастық туралы шарттардың тізімі шектеулі болмақ.

Bereke bank (бұрынғы "Сбербанк") "Мир" төлем картасы бойынша қызмет көрсетіліп жатқанын хабарлады. Десек те, карталарды шығару тоқтатылған. Аталмыш банк қандай мерзімге дейін екенін нақтыламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу