Отандық батареялар Қытай нарығына шықты

1045

Отандық батареялар Қытай нарығына шықты

"Қайнар АКБ" зауыты алып Қытай нарығына аккумулятор батареяларын жеткізе бастады. "Rising Hope Commercial" компаниясымен қазіргі күні 700 мың дана өнімге келісім шарт жасалған. Алдағы уақытта экспортты 3 млнға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Аталған қытайлық компания аккумулятор сатумен 5 жылдан бері айналысады. Пекинде бірнеше дүкендер желісі жұмыс істейді. Сондықтан, зауыт үшін бұл серіктестік мол мүмкіндік ашып отыр. Жалпы, отандық кәсіпорын биыл 2 жарым млн дана аккуммулятор батареясын жасап шығармақ. Оның 70 пайызы ТМД елдері мен Біріккен Араб Әмірліктері, Ауғанстан, Германия, Қытай және Африка мемлекеттеріне экспортталмақ.

Салтанат Түсіпбаева, "Қайнар-АКБ" ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Әрине, Қытай нарығына 3 млн дана аккумулятор батареяларын шығарсақ, сәйкесінше, бізде өндіріс көлемі еселене түседі. Өйткені, бұл мемлекеттің нарығына шығу оңай емес. Бәсекелестік жоғары. Сондықтан, сапалы өніммен өзімізді дәлелдегіміз келеді. Қазір, "Барс" аккумуляторларына елімізде де сұраныс көп. Мәселен, істен шыққан батареяларды қайта қабылдап, жаңасына жеңілдік жасаймыз. Ол да азаматтардың қызығушылығын арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу