Отандық білім мониторингі халықаралық аккредитациядан өтеді

429

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындық үстінде. 

Отандық білім мониторингі халықаралық аккредитациядан өтеді Фото: kostanaycontrol.gov.kz

Бұл туралы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

“Талаптарға сәйкестігін ресми растау рәсімін Нидерландыдан келген RCEC (Examination and Certification for Research Center) халықаралық сертификаттауды зерттеу орталығы жүргізеді. Биыл маусымда RCEC және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы арасындағы кездесу өтті”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу