Отандық бизнес өкілдері Оңтүстік Корея кәсіпкерлерімен келіссөз жүргізді

702

Отандық бизнес өкілдері Оңтүстік Корея кәсіпкерлерімен келіссөз жүргізді

Қазақстандық делегация мүшелері бизнес-саммитке, форумға қатысып, Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстандық делегация құрамында отандық бизнестің 50-ден астам өкілі бар.

Сеулде Қазақстан делегациясының мүшелері Infrastructure investor Seoul Summit 2018 қатысты. Саммит аясында инвестициялық ағындардың негізгі жаһандық үрдістері қаралып, инфрақұрылымға, жаңартылатын энергия көздеріне және басқа да перспективалы салаларға инвестициялар салу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қазақстандық өкілдер Global Project 2018 форумында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы баяндама жасады.

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Кореяның жыл сайынғы көлік–логистикалық ауқымды шарасы Korea MAT ашылуына қатысты.

Korea Expressway Corporation өкілдері автомагистральдар құрылысы мен ондағы қызмет көрсету саласындағы инновациялар туралы айтып берді. Бұл компания Кореяда 4 700 шақырым ақылы жолдарға қызмет көрсетеді. Кездесу барысында "ҚазАвтожол" АҚ-мен жол құрылысы және жаңа технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.

Hyundai Corporation-мен кездесуде агроөнеркәсіп кешенінің қажеттіліктері үшін жабдықтар шығару мәселелері қаралды.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасын шығарып, оларды Ресей мен Орталық Азия елдерінің нарықтарына экспорттауға үлкен әлеуеті бар", — деді Hyundai Corporation вице-президенті Грег Нам.

"Инвестиция апталығы" аясында Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев пен Korea Trade-Investment Promotion Agency вице-президенті Вон-Сок Юн ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация мүшелері Dongbu Express, Daedong Industrial, DaeO, Green Technology Centre, Doosan Heavy Industry, SAJO Group, "Nexen Tire, Hyundai Glovis, Soosang ST, КТ, BNK Capital және т.б. компаниялармен келіссөздер жүргізді.

"Инвестиция апталығын" жалғастыру мақсатында қазақстандық-кореялық инвестициялық бизнес-форумды өткізу жоспарланып отыр, оған Оңтүстік Кореяның 200-ден астам компаниясы қатысады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу