Отандық бизнес пандемияға жылдам бейімделді

561

Дағдарыс кезінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 27 мыңға артып, 1,3 млн-ды құраған.

Отандық бизнес пандемияға жылдам бейімделді

Арнайы зерттеу нәтижесіне сүйенсек, пандемия, сауда және қызмет көрсету саласына қатты әсер еткен. Мәселен еңбекақы төлеу қорынан, салық пен төлемдерден босатуды – 39%, мүлік салығынан босатуды – 21%, несиені қайта қаржыландыруды 17% кәсіп иелері талап еткен. 

Бизнестің жағдайын жеңілдету үшін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы үкіметпен бірлесе дағдарысқа қарсы кешенді жоспар әзірледі. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті съезінде айтылмақ.

2021 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін шағын және орта бизнестің кредиттерін төлеуді кейінге қалдыру, бизнестің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мерзімін, 1 шілдеге дейін ұзарту, жыл соңына дейін мүлік салығын төлеуден босату сияқты шаралар қарастырылған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орта және шағын бизнеске қысымды азайту, ауылшарушылық кешенін қолдау, микро және шағын кәсіпкерлікті кредиттеу үшін жаңа бағыттарды енгізу, бизнес секторын сандық форматқа көшіру жолында нақты жобаларды қолға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу