Отандық дәрі-дәрмек өндірісі қанша пайызға жетті?

659

СҚ-Фармация арқылы отандық тауар өндірушілермен 10 жылға келісімшарт жасалады.

Отандық дәрі-дәрмек өндірісі қанша пайызға жетті?

2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесі 22 пайызға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі СҚ-Фармациямен және басқа да отандық тауар өндірушілермен бірге осы тапсырманы орындау аясында жұмыс жүргізуде. Ең басты мәселе отандық өндіріс үлесін 2025 жылға дейін 50 пайызға дейін жеткізу. СҚ-Фармация арқылы біздің отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалынады. Ол келісімшарт 10 жылдық мерзімге жасалынады. Бұл отандық тауар өндірушіге өзінің шығарған көлемін мемлекетке сатып, өндірісін әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді", - деді департамент директоры. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу