Отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға 31 миллиард теңге жұмсалды

1157

Отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға 31 миллиард теңге жұмсалды

Биыл мемлекеттік ауруханалар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға 31 миллиард теңге жұмсаған.

Еліміздегі медициналық мекемелерге "СК-Фармация" компаниясы 401 атаулы дәрі түрін жеткізген. Бірыңғай дистрибьютор саналатын компания отандық фармөндірушілерді қолдау басты мақсатымыз дейді. Қатерлі ісік, қант диабеті және қан аурулары. Осы сынды дертті емдеуге берілетін тегін дәрі-дәрмекпен ауруханаларды қамтуға аса көңіл бөлініп отыр. Биылғы жылы "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы медициналық мекемелерге 1000-ға жуық өнім атауын жөнелткен. Оның тең жартысы – отандық дәрі өндірушілердің өнімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу